Қызылордада облыс әкімін тағайындауға келісім беру үшін депутаттар жиналысы өтеді. Бұл туралы Ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Тиісті хабарлама Қызылорда облыстық мәслихаты аппаратының сайтында жарияланды. Жиын ертең, 8 мамырда өтеді.
"Президенттің №912 Жарлығына сәйкес, Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындауға келісім беру үшін мәслихат депутаттарының жиналысы 8 мамыр күні сағат 09:00-де Қызылорда қаласында өтеді", — делінген хабарламада.
Еске салайық, Қызылорда облысының әкімі қызметін 2022 жылдың сәуірінен 2026 жылдың мамырына дейін Нұрлыбек Нәлібаев атқарған. 6 мамырда ол Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.