Қоғам

Қызметкерлеріне қорлық көрсеткен СОБР басшылығы жазаланды

Қызметкерлеріне қорлық көрсеткен СОБР басшылығы жазаланды

Атырау облысының полициясы СОБР басшылығына қатысты қызметтік тексерудің нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info “Ақ Жайыққа” сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желіде тараған видеода СОБР басшылығы қол астындағы қызметкерлеріне бейәдеп сөздер  айтып, жекіп, тәртіпке салғанын көруге болады. 

Кадрларда екі қызметкерге дөрекі сөздер айтылғаны, ал олардың біріне күш көрсеткен. Алдымен бетінен қолымен ұрып, кейін затпен ұрған. Сол сәтте басқа бір адам бөлмеге ешкім кірмес үшін есікті ұстап тұрған.

Видеоға қатысы болуы мүмкін тұлғалардың қатарында СОБР-дың Ақмола облысы полиция департаменті бөлімшесінің командирі және рота командирлері аталған.

Полиция департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма басшысы Нұржан Шаеденов қызметтік тексеру барысында қызметтік этика талаптарының бұзылғаны анықталғанын айтты.

Тексеру қорытындысы бойынша тәртіптік комиссияның шешімімен рота командирлерінің бірі ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылған.

Барлық жаңалық