Шоу-бизнес

«Қыздарым еңіреп жылады»: Мөлдір Мұқанова балаларының жай-күйін айтты

Мөлдір Мұқанова көпшілікті толғандырған жеке өмірі жайлы тағы да ашық айтты деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол YouTube-тағы сұхбатында Тұрсынбек Қабатовпен ажырасқаны туралы балаларына қалай жеткізгенін баяндады.

Мөлдірдің айтуынша, ол бұл әңгімені алдымен үлкен қыздарына айтқан.

«Мен оларға шындығымды айттым. 14 жыл бойы өтірік айтып келдім. ‘Мүмкін, бұны өздерің де байқап жүрген шығарсыңдар, папаларыңның іс-әрекетін көріп отырсыңдар’ дедім. ‘Мен сендерді жақсы көрем, папаларың да жақсы көреді, бірақ осындай шешім қабылдауға тура келді’ деп түсіндірдім», – деді әнші.

Мөлдірдің сөзінше, балалар бұл жаңалықты ауыр қабылдаған.

«Қыздарым бұл сөзді естіп еңіреп жылады. Қазір балалар жиі жылайды, папаларын сағынады. Әсіресе Айару қатты уайымдап жүр, ‘папамды көргім келеді’ деп жиі айтады. Ал мен не істей алам? Тұрсынбектің өзі хабарласпайды, байланысымыз үзіліп қалды. Барымызды блоктап тастады», – деді Мөлдір Мұқанова.

 

Барлық жаңалық