Жаңалықтар

Қазақстандық боксшы Иван Дычко америкалық боксшыны нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы Иван Дычко америкалық боксшыны нокаутпен жеңді

Супер ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко 14 айдан кейін шаршы алаңға оралды. Ол Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида штаты) өткен бокс кешінде қарсыласын нокаутпен жеңіп шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Иван америкалық Крейг Льюиспен (15-8-1, 8 КО) жұдырықтасты. Қорғаныста мығым, шабуылда ширақ болған Дычко қарсыласын жойқын соққыларымен бірнеше рет есеңгіретті. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті екінші раундта тоқтатты. Қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы 14-ші жеңісіне қол жеткізді. Оның 13-де қарсыласын уақытынан бұрын ұтып шыққан. Америкалық спорт мамандыра Иван мен өзбек боксшысы Баходир Жалоловтың жекпе-жегі қызық болады деп болжайды. Қос боксшы әуесқой бокста төрт рет жолыққан, оның бәрінде қазақстандық жеңіске жеткен еді.
Барлық жаңалық