Жаңалықтар

Қазақстандағы шетелдік бизнес: қысқару мен өсім қатар жүр

Жылдың алғашқы айларында Қазақстандағы шетелдік компаниялардың бір бөлігі нарықтан шығып кетті. Жалпы саны шамамен 120 шетелдік ұйым жабылған деп хабарлайды ozgeris.info сайты ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Бүгінде ел аумағында шетелдік қатысуы бар 44,8 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың ішінде ресейлік компаниялар басым: үлесі – 39,1% немесе 17,5 мың ұйым. Дегенмен Ресей бизнесі айтарлықтай қысқарған – бір жылдың ішінде 1,3 мың компания жабылып, көрсеткіш 6,9%-ға төмендеді.

 

Бұдан бөлек, Қазақстан нарығынан 189 түрік, 269 қырғыз, 87 украин, 71 ауған, 47 оңтүстіккореялық, 39 беларусь, 28 америкалық, 23 ағылшын, 17 грузин, 13 нидерландтық және үш неміс компаниясы кеткен.

 

Сонымен қатар, кей елдердің бизнесі керісінше белсенділік танытуда. Мәселен, Қытайдан келген ұйымдар саны бір жылда 1 047-ге, Өзбекстаннан – 1 116-ға, Әзірбайжаннан – 39-ға артқан. Қазіргі кезде Қазақстанда 4,7 мың қытайлық, 5,5 мың өзбекстандық және 1,2 мың әзірбайжандық кәсіпорын жұмыс істеп жатыр.

 

Салалық тұрғыдан алғанда, ең көп қысқару сауда саласында болды: 326 компания жабылып, шетелдік ұйымдардың жалпы саны 15,5 мыңға түсті. Қызмет көрсету бағытында 235, ақпарат және байланыста 222, ал кәсіби, ғылыми және техникалық салада 113 компания азайды.

Барлық жаңалық