Қоғам

"Өліп қалды": Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі қонақтардың кесірінен күйзеліске түскен (ВИДЕО)

"Өліп қалды": Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі қонақтардың кесірінен күйзеліске түскен (ВИДЕО)

Кәсіпкер Ардақ Тәукебаева айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева мен оның күйеуі Нұржанның үйіне қонаққа барған сәтте қызық жағдайға тап болғанын айтты. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында мысыққа байланысты оқиғаны әзілмен баяндаған, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

“Құтты қонақ келсе, қой егіз табады” деуші еді. Біз келгенде мысық өліп қалды… Не қайғырарымызды не күлерімізді білмей қалдық”, – деп жазды кәсіпкер.

Сондай-ақ ол бұл жағдайдан кейін өздерін ыңғайсыз сезініп, мәселені шешудің жолын іздегендерін жасырмады.

“Өзімізден өзіміз ыңғайсызданып кеттік қой. Сосын бұның оң шешімі – мысық алып беру деп ойладық та… Кешке дейін мысық іздедік. Ақыры таптық. Стамбулда күні бойы мысық іздеп жүремін деген үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Қыдырып, шопинг жасаймыз деген план жайында қалды. “Иманды болсын” деген бір түрлі ғой, иә. Бұндай жағдайда не айту керек өзі?”, – деп жазбасын жалғастырды.

Барлық жаңалық