Атырауда төрт адамның өліміне қатысты іс бойынша айыпталып отырған Сұлтан Сәрсемәлиевтің соты жалғасуда, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
15 маусымда өткен кезекті сот отырысында айыпталушы өзіне сөз берілген кезде қылмыстан кейінгі әрекеттері туралы айтып берді.
Сәрсемәлиевтің сөзінше, оқиғадан кейін ол 2025 жылдың қараша айында жалғыз өзі Меккеге барған.
Айыпталушы бұл сапарға рухани тыныштық іздеп, Құдайдан кешірім сұрау мақсатында шыққанын мәлімдеді.
«Өлсем де Құдайдан кешірім сұрап қалайын деп ойладым. Содан кейін қайда барарымды нақты жоспарламай, жолға шықтым. Түркия арқылы Меккеге жеттім», – деді ол сот барысында.