Жаңалықтар

Экс-полицейлердің өкпесі: Желідегі бейнебаян үшін Әділетхан 35 миллион теңге төлеуі мүмкін

Экс-полицейлердің өкпесі: Желідегі бейнебаян үшін Әділетхан 35 миллион теңге төлеуі мүмкін

Әлеуметтік желідегі қысқа бейнебаяндардың салдары үлкен қаржылық дауға ұласты. Қазіргі таңда Әділетханның шығындары 35 миллион теңгеге дейін жетуі ықтимал. Бұл қаражаттың басым бөлігін бұрынғы тәртіп сақшылары талап етіп отыр, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Экс-полицейлер Шұмаев пен Ұзабаев істі сотқа жеткізді. Екі азаматтың әрқайсысы 11 миллион теңгеден өтемақы сұраған. Олар Молдаханның желіге жүктеген рилстарынан ауыр моральдық азап шектік деп есептейді.

Қомақты өтемақыдан бөлек бұл істе тағы бір жаза қарастырылған. Егер сот кінәлі деп таныса Әділетхан мемлекет қазынасына да біраз ақша төлеуге мәжбүр болады. Оған тағылған бапқа сәйкес ең жоғары айыппұл мөлшері 12,9 миллион теңгені құрайды.

Барлық жаңалық