Жаңалықтар

Павлодарда қуаттағыш жарылып, блогер қыз ауыр күйік алды (ВИДЕО)

Павлодарда қуаттағыш жарылып, блогер қыз ауыр күйік алды (ВИДЕО)

Павлодарда қуаттағыш жарылып, қыз күйіп қалды, деп хабарлайды  ozgeris.info сайты. 

 Оқиға фитнес-клубта болған.

Жергілікті блогердің сөмкесіндегі қуаттағыш жарылып кеткен. Бұл қыз жаттығудан кейін үйіне қайтуға дайындалып жатқан сәтте орын алған. Алдымен сөмкеден қою түтін шыға бастаған. Диляра сөмкені алып тастауға әрекеттенген кезде жарылыс болып, жалын тұтанып, қызды шарпыған. Клуб қызметкерлері өртті тек сыртқа алып шыққаннан кейін ғана толықтай сөндіре алған. Салдарынан қыздың қолы мен басын ауыр күйік шалған.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ол ауруханаға жатудан бас тартқан.

Барлық жаңалық