Спорт

Абылайхан Жүсіпов Әлем кубогында бразилиялық боксшыдан басым түсті

Абылайхан Жүсіпов Әлем кубогында бразилиялық боксшыдан басым түсті

Абылайхан Жүсіпов Әлем кубогында бірінші жеңісін тіркеді, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әлем чемпионы, 70 келідегі тәжірибелі боксшылардың бірі саналатын Абылайхан Жүсіпов 1/8 финалда өткен Әлем кубогының финалисі Кайан Рейеспен (Бразилия) жұдырықтасты.

Отандасымыз алғашқы раундтан жекпе-жекті толықтай өз бақылауында ұстап, 4:1 есебімен басым түсті.

Сонымен қатар, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 60 келіде ел чемпионы саналатын Серік Теміржанов 1/8 финалда АҚШ-тың жас боксшысы Салим Еллис Беймен жолы түйісті. Отандасымыздың бұл жекпе-жегінде төрешілер жеңісті бірауыздан қарсыласқа берді.




Барлық жаңалық