Танымал әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желідегі парақшасында ішкі күйзелісі туралы айтып, соңғы уақытта өзін қатты шаршаңқы сезініп жүргенін жеткізді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Qazaqtoday.info сілтеп.
Өнер иесі оқырмандарымен шынайы ой бөлісіп, эмоциясын жасыра алмағанын айтты.
«Шынымды айтсам, бүгін қатты жыладым. Шаршадым, ойларым да көп. Оның үстіне эмпат адаммын, көп нәрсені үндемей қабылдай беремін. Бүгін өзімнің қаншалықты нәзік жан екенімді тағы бір рет түсіндім», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары Балжанға қолдау білдіріп, жылы пікірлерін қалдырды. Көпшілік оған сабыр, күш-қуат және шығармашылық табыс тіледі.
