«Ымырт жабылған кез болатын. Ұлым гаражға келгенде пакетті көріп ашып қалған. Тыр жалаңаш баланы көргенде шошып кетіпті. Дереу полицияға хабарластық. Бұл маңайдан біреу тастады деп ойламаймын», – дейді куәгерлердің бірі Елена.Әп-сәтте жедел жәрдем де жеткен. Алайда сәбиді құтқару мүмкін болмаған. Шетінеп кетіпті.
«Бүкіл ықшам ауданның суы осы жерге құйылады. Баланың денесі сол қар суымен ағып келуі мүмкін. Оның үстіне пакеттің аузы мұқият жабылған болды. Сәбиін тастаған адам сау емес, психикалық сырқат деп ойлаймын. Жануардың өзі мұндайға бармайды ғой», – дейді куәгер Виктор.Полиция екі күнен бері көкек ананы іздеп жатыр. Бірақ әлі таппады.
«Аталған факт бойынша ҚР ҚК- нің 100-бабы, яғни «жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», – дейді Қарағанды облыстық полиция департаментінің өкілі Бақытжан Құдияров.Қазір көкек ана бүкіл қаладан іздестіріліп жатыр. Ең алдымен жаңа босанғандар тексерілмек. Ал сәбидің денесіне тиісті сот- медициналық сараптамасы жасалуда. Бала ай күніне жетіп туылған. Оның өліміне не себеп болғаны осы аптада анықталмақ.
Ozgeris.info порталы