Жаңалықтар

Қарағанды облысындағы кен орнында жұмысшы қаза тапты

Қарағанды облысындағы кен орнында жұмысшы қаза тапты

"Алтыналмас АК" компаниясына қарасты "Пустынное" тау-байыту кешенінде өндірістік оқиға болып, салдарынан кәсіпорын қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Компанияның мәліметінше, өндірістік оқиға салдарынан екінші сатыдағы ұсақтау корпусының конвейер машинисі қаза тапты. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін уәкілетті мемлекеттік органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тергеу нәтижесі бойынша өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуына құқықтық баға берілмек.

"Алтыналмас АК" компаниясы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оның отбасына заңнамада көзделген барлық қажетті әлеуметтік және материалдық қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Компания оқиғаның себептерін жан-жақты анықтауға және тергеу органдарымен толық ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді.

Барлық жаңалық