✅ Пайдалы

Қандастарға 275 мың теңге беріледі

Биылдың өзінде 8 051 этникалық қазақ ресми түрде «қандас» мәртебесін алды. Яғни, тарихи Отанына көшіп келген ағайындарымыз Қазақстан азаматы атануға алғашқы қадамдарын жасап жатыр, деп жазады Ozgeris.info.

1991 жылдан бері елге 1 миллион 156 мыңнан астам қандас қоныс аударған екен. Негізінен олардың көбі көрші Өзбекстаннан (44,2%) және Қытайдан (43,2%) келсе, қалғандары Түрікменстан (5%), Моңғолия (2,7%), Ресей (2,4%) және басқа елдерден көшіп келген.

Көшіп келген ағайындардың басым бөлігі еңбекке қабілетті жастағылар (59,1%). Ал 31,8%-ы балалар, 9,1%-ы зейнет жасындағы кісілер. Демек, елге келген қандастардың көбі еңбек етемін, жаңа өмір бастаймын деген жандар.

Мемлекет те қол қусырып отырған жоқ. Жыл басынан бері 563 қандас түрлі мемлекеттік қолдау шарасына ие болды. Соның ішінде 221 адам тұрақты жұмысқа орналасып үлгерген. Бұған қоса, қоныс аударушыларға бір реттік көмек ретінде көшуге 275 200 теңге, пәтер жалдау мен коммуналдық шығындарға ай сайын 118 мың теңге, ал баспана сатып алуға 4,56 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз қаражат қарастырылған.

 

Барлық жаңалық