Спорт

«Қайсар» жанкүйерлері Қазақстан кубогының финалын Астанада өткізуді сұрайды

«Қайсар» жанкүйерлері Қазақстан кубогының финалын Астанада өткізуді сұрайды

Әлеуметтік желіде жарияланған үндеуде 300-ге жуық жанкүйердің атынан Марат Талғатұлына өтініш жолданған. Олардың айтуынша, финалдың Астанада өтетіні туралы ақпаратқа сеніп, көптеген жанкүйер ұшақ пен пойыз билеттерін алдын ала сатып алып, қонақүйге тапсырыс берген. Енді матчтың басқа қалаға ауысуы қосымша қаржылық қиындық туғызып отыр.

«Алдын ала сатып алған билеттерімізді не істейміз? Шығындарымызды кім өтейді? Неліктен мұндай шешім туралы ертерек хабарланбады?» – деп сауал қояды жанкүйерлер.

Сонымен қатар Астанада білім алып жүрген қызылордалық студенттер де алаңдаушылық білдірген. Жанкүйерлер Қазақстан кубогының финалын Астанада қалдыруды сұрайды. Ал бұл өтініштің ескерілетіні әзірге белгісіз. Осыған дейін "Қайсар" мен "Ордабасы" клубтары да "Астана-Аренада" өткізу туралы өтініш білдіргенін бірқатар БАҚ өкілдері жазған еді.

Барлық жаңалық