«Күлпәш» рөлімен елге танылған актер Берік Тұрсынбеков әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатовты қолдап жазба жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Өнер иесі ер адамның өмірі де бір-ақ рет берілетінін айтып, «қадірін білмейтін әйелмен өмірді қор қылмау керек» деген ой айтты.
«Қатын жолда, бала белде. Жасымаңдар, жігіттер. Қадіріңді білмеген әйелмен уақытыңды қор қылма, өмір бізге де бір-ақ рет беріледі. Біреуді бағу, біреудің көңілін табу – біздің міндет емес, өзімізді ойлайық. Баланы еркек үшін ғана туса, тастап кетсін. Бала бағу – еркек үшін міндет емес, бақыт. … деп біз бастамай тұрғанда естеріңді жиыңдар, қатындар халқы», – деп жазды актер.