Павлодар облысы

Павлодарда 9 жастағы ерекше бала үшінші қабаттан құлап кетті

Павлодарда 2016 жылы туған ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала көпқабатты үйдің үшінші қабатындағы ортақ балконнан құлап, ауыр жарақат алды. Оқиға 19 шілде күні кешке болған, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтемемен. 

 

Бала екінші қабаттағы көлеңкеге құлап, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

 

Дәрігерлердің айтуынша, бала ауыр жарақат алған: жабық бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалу, кеуде қуысының жабық жарақаты, қол сүйегінің сынуы және ішкі ағзалардың зақымдануы тіркелген.

Барлық жаңалық