Шоу-бизнес

«Өзіне бәрі жарасады»: Мақпал Жүнісова жас әншімен заманауи ән айтты

«Өзіне бәрі жарасады»: Мақпал Жүнісова жас әншімен заманауи ән айтты

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова мен 2Rar есімімен танылған әнші Тұрар Ыдырыс сахнада бірге өнер көрсетіп, көрерменге күтпеген дуэт ұсынды, деп хабарлайды Ozgeris.info

Екі әншінің бір сахнада ән айтып, қызу би билеген сәті әлеуметтік желіде тарады. Видеоны өнер иесі Нұрлыбек Нағметов өз парақшасына жариялаған.

Тұрар рэп оқыса, Мақпал ханым заманауи үлгіде әндеткен.

«Меніңше, бұл тыңдармандар үшін күтпеген дуэт болды», – деп жазды ол.

Оқырмандар бұл дуэттің керемет шыққанын айтып, ыстық ықыластарын жаудырды. 

Барлық жаңалық