Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 16 жастағы жасөспірім әйелдерден азап көрді. Осылай деп дабыл қаққан жасөспірімнің анасы жаға ұстатарлық жәйт туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Жасөспірім Шелек ауылында нағашы атасы мен апасының қолында өскен. Басынан құс ұшырмай баққан нағашылардан жиен қыз мектеп бітірген соң анасына оралмақ болып жүреді. Алайда 16 тамызда төбеден жай түсірген оқиға болады.
"Қызыма әлеуметтік желіден бір ер адам жазады. Танымайды да, ешбір артық әңгіме айтылмаған. Іле-шала ватсап желісіне бір әйел жазып, қызыма қоқан-лоқы көрсетеді. Айтуынша, менің қызым оның жігітін тартып алыпты. Бірақ қызым ол ер адамды блоктап тастағанын айтып, дәлелін де көрсеткен", - дейді жасөспірім қыздың анасы Индира.
Бұл 15 тамызда болған оқиға. Ал 16 тамызда жігітін даулаған әйел жасөспірімнің үйіне келіп, бетпе-бет сөйлесуді ұсынған. Екі әйел алдап қызды көлікке мінгізіп алып, ауылдан жыраққа кетеді. Әйелдердің бірі 30, екіншісі 29 жаста.
"Қызымды ұрған, намысына тиетін сөздер айтқан. Онымен қоймай қолына темекі күйдіріп басқан. Сол екі әйелдің өздері барлық әрекеттерін бейнекамераға түсіріп отырған. Содан Шелек ауылынан Масақ ауылына қарай апарады. Ауылдың өзі емес шамамен 15 минуттық жердегі өзенге апарып, тыржалаңаш шешіндіріп, ұрып-соғып, тастай суық өзенге отырғызып қояды. Сол жерде бірнеше рет суға тұншықтырады", - дейді анасы.
Өзенге апара жатып, жол-жөнекей дүкенге соғып щетка алады. Ондағы ойлары адам шошырлық.
"Сол щеткамен қызымды зорламақ болған. Судан есеңгіретіп шығарып алып, жуан таяқпен қызымның жыныстық мүшесіне зақым келтірген. Ол әйелдер бұл әрекеттерінің бәрін бейнекамераға түсіріп, аса бір ләззатпен рахаттанып істеген. Ол бейнежазбаларды мен өз көзіммен көрдім. Жүрегім ұстап, талып қала жаздадым. Адам баласы да осыншама айуандыққа барады деп еш ойламаппын. Дап-дардай екі әйел әртүрлі әрекет жасаған сайын рахаттанып, мәре-сәре болып жүр", - дейді жасөспірімнің анасы.
Бейнежазбадан қызының жанұшыра шырылдаған даусын естіген ананың жүрегі шыдамаған. Тіпті есеңгіреп, есін әрең жиған.
"Қызымды таяқпен зорлағанда қызым жанұшыра айқайлап жатыр. Қинаған әйел "үнін өшір, біреу естіп қояды" деп құрбысына бұйрық береді. Бюстгалтерін аузына тығып, тұншықтырып тастаған. Сөйтіп қайтадан өзенге батырады. Ойларына келгенді істеп, қызымның бетінен сүйіп "қандай әдемісің" деп аймалаған. Сөйтіп ауылдың шетіне әкеп тастайды, қызымның телефонын өздеріне алып алған. Егер біреуге айтатын болсаң мына бейнежазбаның бәрін әлеуметтік желіге саламыз" деп қорқытқан", - дейді жәбір көрген қыздың анасы.
Күдіктілер күйеуге тиемін деген жігітімнен айырдың деп, 3 млн теңге несиесін 16 жастағы қызға төлетпек те болған.
Жасөспірім нағашы апасының телефонынан анасына хабарласып, өзін ұрып кеткенін айтады. Шын мәнінде оқиғаның қалай болғанын жасырып қалады. Тек анасынан "олар хабарласса, ешнәрсе білмегендей бола салшы" деп жылаумен болады.
"Анашым, өмір сүргім келмейді" деп жылай береді. Бір уақытта маған бір әйел хабарласып, "сіз мамасы боласыз ба? Қызыңызға ие болыңыз. Сіздің қызыңыз менің жігітіммен араласпасын, мен онымен сөйлестім" дейді. Мен ол кезде қызымның таяқ жегенін ғана естігенмін. "Сен тыңда мені, мен келемін, 30 жастағы екі әйел 16 жастағы қызыммен есеп айырғыларың келген екен, енді мен сөйлесемін сендермен" дедім. Олар қызымды барынша қорқытумен болады", - дейді анасы Индира.
Қызынан бүге-шігесіне дейін естіген ана таңғы сағат алтыда тұрып, Шелектегі Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөліміне барып арыз жазады. Бірден емес, бірнеше кедергіден өтуіне тура келеді.
"Полиция бөліміне кірудің өзі өте мұң болды. Таңғы тоғыздан түнгі сағат үшке дейін жүрдік. Кезекші бөлім бізге ауруханаға барып, экспертиза тапсыр деді. Әркімге бір сілтеп біраз сағат жүрдік. Ол жерде қызымның құрбысының әкесі жұмыс істейді екен. Сол бізді көріп қалып, содан арыз жаздық", - дейді жәбірленуші тарап.
Отыздағы күдіктінің ата-анасы Индирадан келіп кешірім сұрап, кез келген көмекті жасайтындарын айтқан.
"Жаңағы қызымды қинаған басты күдікті әйелдің әке-шешесі келіп кешірім сұрады. Бірақ олардың айтуынша, ол әйелдің күйеуге шығу туралы ойы болмаған. Әрине үлкен кісілер, жаным ашыды. Бірақ кешірім бермеймін. Ал екінші күдіктінің екі баласы бар әйел екен. Ол ана бола тұра осындай әрекетті дәті шыдап қалай жасады екен... Естуімше, жігітін қызғанған отыздағы әйел ауылдық әкімдікте қызмет етеді", - дейді жасөспірімнің анасы.
Әкімдік пен ауылдағы құзырлы органдарға ақпаратты жария етпеуге уәде берген Индираның алдынан бұл ақпарат әлеуметтік желіде тап болады. Айтуынша, бұл қылмысты полиция мамандары өздері жариялап жіберді. Психологтың өзі әрең есін жидырып жатқан жасөспірім тіпті соққы алатын болды деп уайымдайды анасы.
Қазіргі уақытта екі әйел де қамауға алынды.
"Кәмелетке толмағанға дене жарақатын салу және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті әйел құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар қылмыстық процеске қатысушылардың жеке деректері жария болды деген мәліметтер тексеріліп жатыр", - дейді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қоғам
«Осыншама айуандыққа барған»: Алматы облысында екі әйел жасөспірім қызды таяқпен зорлаған
Фото: istockphoto
05.09.2025
2853
-
Динара Сәтжаннің күйеуі танымал әншімен дуэт орындады (ВИДЕО)11:00, 06 қыркүйек 2026
-
Бетпақдала төсінде жаңа теміржол салынды10:01, 06 қыркүйек 2026
-
Димаш, Тасмағамбетов, Рақышев: блогер Дәмелінің тойы қалай өтті (ВИДЕО)09:00, 06 қыркүйек 2026
-
Қазақстан құрамасы 300 шақырымдық ат жарысында алтын медаль жеңіп алды17:20, 05 қыркүйек 2026
-
«Келіннің бетінен сүйгені несі?»: Жұмабек Жанықұлдың тойдағы әрекеті сынға қалды16:34, 05 қыркүйек 2026
-
Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы болған Зулфия Төленоваға сот үкімі шықты15:45, 05 қыркүйек 2026
-
Ақтөбедегі әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылғанын мәлімдеді14:31, 05 қыркүйек 2026
-
«Келесі той Алагөзовтерде»: Баянның қызы қалыңдық гүлін тосып алды (ВИДЕО)12:58, 05 қыркүйек 2026
-
Алматыда таныспағаны үшін қызға су шашқан ер адам қамауға алдынды11:48, 05 қыркүйек 2026
-
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің құрамын қайта жасақтады11:01, 05 қыркүйек 2026
-
«Келесі той Алагөзовтерде»: Баянның қызы қалыңдық гүлін тосып алды (ВИДЕО)12:58, 05 қыркүйек 2026
-
«Келіннің бетінен сүйгені несі?»: Жұмабек Жанықұлдың тойдағы әрекеті сынға қалды16:34, 05 қыркүйек 2026
-
Алматыда таныспағаны үшін қызға су шашқан ер адам қамауға алдынды11:48, 05 қыркүйек 2026
-
Ақтөбедегі әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылғанын мәлімдеді14:31, 05 қыркүйек 2026
-
Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы болған Зулфия Төленоваға сот үкімі шықты15:45, 05 қыркүйек 2026
-
Қазақстан құрамасы 300 шақырымдық ат жарысында алтын медаль жеңіп алды17:20, 05 қыркүйек 2026
-
Димаш, Тасмағамбетов, Рақышев: блогер Дәмелінің тойы қалай өтті (ВИДЕО)09:00, 06 қыркүйек 2026
-
Бетпақдала төсінде жаңа теміржол салынды10:01, 06 қыркүйек 2026
-
Динара Сәтжаннің күйеуі танымал әншімен дуэт орындады (ВИДЕО)11:00, 06 қыркүйек 2026
-
«Күйеуі бар әйелмен жүрген»: Аралдағы полицейдің қазасына қатысты тың дерек шықты08:20, 02 қыркүйек 2026
-
Қазақстан ат спортынан Польшадағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды17:15, 01 қыркүйек 2026
-
«Көбі біле бермейді»: Ерлан Қарин туралы ел естімеген ақпар шықты14:56, 31 тамыз 2026
-
«Зәкең басқа еркекпен ұстап алды»: Мақпал Жүнісова шулы мәлімдеме жасады (ФОТО)10:00, 02 қыркүйек 2026
-
«Мінезі масқара екен»: Ерке Есмахан жас қызға ұрысып тастады (ВИДЕО)11:58, 03 қыркүйек 2026
-
«Ренжіп, ашуланып тұр»: Аша Матай сайлаудан кейін алғаш рет ел алдына шықты10:13, 03 қыркүйек 2026
-
Аида Балаева Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болды14:30, 31 тамыз 2026
-
«Құданың асында бірге болдық»: Баян Алагөзова бұрынғы күйеуі туралы айтты09:30, 03 қыркүйек 2026
-
«Ауырма, ағатай»: Қайрат Нұртас Кенжебектің халін сұрауға барды15:01, 01 қыркүйек 2026
-
«Қарындасының тойына еріп барған»: Димаштың сүйіктісі кім екені белгілі болды12:33, 31 тамыз 2026
-
Мирас пен Құралайдың күйеу баласы кім екені белгілі болды (ВИДЕО)08:10, 12 тамыз 2026
-
«Құдағиын жақтырмай қалды»: Мирас пен Құралайдың тойында тосын жайт болды (ВИДЕО)07:34, 14 тамыз 2026
-
«Айырылып қалдым»: Гүлзира Айдарбекова қаралы хабар айтты15:18, 19 тамыз 2026
-
«Жаңалығымды бөліскім келеді»: Наркенже Серікбаева жасырған құпиясын жария етті08:00, 12 тамыз 2026
-
«Көзіне не болған?»: Баян Алагөзованың қазіргі жағдайы көпті алаңдатты17:30, 25 тамыз 2026
-
«Оны тағы бір сот күтіп тұр»: Динара Сәтжан Бағдагүлге қатысты мәлімдеме жасады17:26, 13 тамыз 2026
-
«100 миллион кетті»: Алтынай Жорабаеваның қызының жасауын көрсетті14:00, 19 тамыз 2026
-
«Күйеуі бар әйелмен жүрген»: Аралдағы полицейдің қазасына қатысты тың дерек шықты08:20, 02 қыркүйек 2026
-
«Құран бағыштаудан басқа амалым жоқ»: Әнші Наркенже жоқтау жазба жариялады (ФОТО)17:30, 07 тамыз 2026
-