Спорт

Нұралы Әліп «Галатасарайдың» назарына ілікті

Нұралы Әліп «Галатасарайдың» назарына ілікті

Қазақстан ұлттық құрамасы мен ресейлік «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп түркиялық «Галатасарай» командасына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Түркиялық журналист Бурак Эрен әлеуметтік желідегі X парақшасында 26 жастағы қазақстандық футболшының Ыстанбұл клубына ұсынылғанын жазды.

«„Зенитте“ өнер көрсететін солақай орталық қорғаушы Нұралы Әліп „Галатасарайға“ ұсынылды. Клуб өкілдері ойыншыны бақылауға ала бастады», – деп жазды журналист.

Ақпаратқа сәйкес, Әліптің Қазақстан азаматы болуы Түркия чемпионатына ауысқан жағдайда оған жергілікті футболшы мәртебесімен ойнауға мүмкіндік беруі мүмкін. Бұл фактор қорғаушының трансферіне оң әсер етуі ықтимал.

Нұралы Әліп Ресей Премьер-лигасының осы маусымында «Зенит» сапында 10 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ. Сонымен қатар Ресей кубогында екі ойын өткізіп, алаңда толық 180 минут ойнады.

Ресей чемпионатының 12 турынан кейін «Зенит» 27 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Санкт-Петербург клубы Мәскеудің «Динамо» және ЦСКА командаларынан екі ұпайға озып келеді.

Айта кетейік, әзірге Нұралы Әліптің «Галатасарайға» ауысатыны жөнінде ресми ақпарат жарияланған жоқ. Қазіргі мәлімет бойынша, түркиялық клуб қазақстандық қорғаушыны бақылап жүр.

Барлық жаңалық