Спорт

«Бернлидің» жаңа бас бапкері кім?: Дастан Сәтпаевке сенім арта ма?

«Бернлидің» жаңа бас бапкері кім?: Дастан Сәтпаевке сенім арта ма?

Англияның Чемпионшипінде өнер көрсететін «Бёрнли» клубын Фабио Челестини ресми түрде басқарды. Бұл команда сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев та өнер көрсетеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Клубтың спорт директоры Диего Лопес жаңа бапкердің тағайындалуына қатысты пікір білдіріп, оның тәжірибесі мен жұмысқа деген ынтасын ерекше атап өтті.

«Фабио командаға құштарлық, тәжірибе және білім әкеледі. Біз дәл осындай маманды іздедік. Ол „Бёрнлиде“ жұмыс істеуге ерекше табандылық пен зор ықылас танытты. Бізге клубта болуды және оның дамуына үлес қосуды шын жүректен қалайтын адамдар қажет. Фабио – соның жарқын үлгісі», – деді Диего Лопес клубтың ресми сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Фабио Челестини бұған дейін Мәскеудің ЦСКА клубын жаттықтырған. Оның жетекшілігімен ресейлік команда өткен маусымда Ресей Суперкубогын жеңіп алды.

Енді швейцариялық маман «Бёрнлидің» алдында тұрған міндеттерді орындап, команданың нәтижесін жақсартуға күш салмақ.

Қазақстандық жанкүйерлер үшін клубтағы өзгерістердің маңызы зор. Себебі «Бёрнли» сапында ұлттық құраманың шабуылшысы Дастан Сәтпаев өнер көрсетеді. Жаңа бапкердің келуі жас футболшының командадағы рөліне және ойын тәжірибесіне қалай әсер ететіні әзірге белгісіз.

Барлық жаңалық