🌐 Әлем

Мысырда жанармай таситын көлік жарылып, 30 адам қаза тапты

Мысырда жанармай таситын көлік жарылып, 30 адам қаза тапты

Мысырда мұнай өнімдерін тасымалдаған автоцистерна өртеніп, салдарынан 30 адам қаза тапты. Тағы 15 адам жарақат алды,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеген.

Нақтыланған мәлімет бойынша, Гиза провинциясының Эль-Варрак ауданында автоцистерна аударылып, тоннель үстінде өртенген. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, өрт сөндірушілер жалынды толық сөндірген.

Оқиға орнына 39 жедел жәрдем көлігі жіберіліп, зардап шеккендер үш ауруханаға жеткізілген.

Бұған дейін билік апат салдарынан кемінде 21 адам қаза тауып, 15 адам жарақат алғанын хабарлаған. Елдің Мұнай министрлігінің мәліметінше, жеке пайдалануда болған автоцистерна жолдан шығып кетіп, кедергіге соғылғаннан кейін жарылған.

Қазір билік зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіп, жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Барлық жаңалық