Шоу-бизнес

"Мұны қалай түсінуге болады?": Мақпал Жүнісова күтпеген жағдайға тап болғанын айтты

"Мұны қалай түсінуге болады?": Мақпал Жүнісова күтпеген жағдайға тап болғанын айтты

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова еліміздегі танымал әуекомпанияның бортсеріктерінің әрекетіне байланысты шағым айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Әншінің айтуынша, ұшақ ішінде бос тұрған терезе жақтағы орынға ауысқысы келген. Алайда бортсеріктер оған рұқсат бермей, бұл орындардың ақылы екенін алға тартқан.

"Ұшақта бос орындар бар. Бірақ сол жерге отыруға мүмкіндік бермейді. Есіктер жабылды, ешкім отырмайды. Сонда бұл қалай?" – деп ол әуекомпания өкілдеріне сұрақ жолдады.

Мақпал Жүнісова ұшақ салонындағы бірнеше бос орындарды көрсетіп, орын ауыстыруға не себепті тыйым салынғанын түсінбейтінін жеткізді. Оның сөзінше, билет үшін толық ақы төлеген жолаушы ретінде бос орынға отыруда ешқандай мәселе болмауы тиіс.

"Мен өз орнымды сатып алдым. Бос тұрған жерге отырғым келді. Біреудің орнын иемденіп отырған жоқпын. Мұның несі дұрыс?" – деп әнші өз наразылығын білдірді.

Барлық жаңалық