Жаңалықтар

Моңғолия қазақтары: достық пен ынтымақтастық жолында

Моңғолия қазақтары: достық пен ынтымақтастық жолында
2023 жылдың 4-8 шілде аралығында ҚР Сыртқы істер министрлігінің «Отандастар қоры» қоғамы ұйымдастыруымен және Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігінің қолдауымен Ұлан-Батыр, Қобда, Баян-Өлгей аймақтарында Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы аясында екі ел арасында достық пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Моңғолия қазақтарының IV Кіші Құрылтайы өтеді, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо. [video width="1920" height="1080" mp4="/uploads/uploads/2023/07/кіші-құрылтай-лого2.mp4"][/video] Ауқымды шара аясында екі ел ғалымдары, мемлекет, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен ғылыми конференция, кино және мультфильм апталығы, бизнес форум, ұлттық ойындар мен мерекелік концерттер өтеді. Сонымен қатар, 8-9 шілдеде Ресей Федерациясының Алтай Республикасындағы қазақтар мекендейтін Қосағаш ауданында және Алтай өлкесі орталығы Барнаулдағы қандастармен кездесу өткізіп, рухани кеш ұйымдастырылады. «Отандастар қоры» қоғамы тарапынан осындай іс-шараларды өткізу елдеріміз арасындағы достық көпірді нығайтып қана қоймай, Моңғолия және Ресей қазақтарының ұлттық бірегейлігін арттыра түсуге және елімізбен рухани байланыстарды нығайтуға де өз үлесін қоспақ.
Барлық жаңалық