Танымал актриса Дариға Бадықова сүйінші хабарымен бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info.
«Ыстық ұя» фильмі 1 млрд теңге касса жинады.
«Ыстық ұямыз» млрд жинады.
“Бауырыма көлік сыйладым”, “Бір үйден 10-15 адам келдік”, “Анамды құшақтап жыладым”, “Бауырыммен қауыштым”….көөөп шынайы неше-түрлі хаттар толастамай күнде келді.
Ыстық Ұя — жәй фильм емес. Бұл – сезім. Бұл – сағыныш. Жүректерге жетсінші, жүректер қозғалсыншы деп түсірілген фильм еді… Талай суық жүректі жылытты, талай қатты жүректі жібітті. Бұдан артық жетістік жоқ. Миссия орындалды», - деп жазды ол.