Спорт

"Мінезді жігіт екен": Бағдат Сабаз әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

"Мінезді жігіт екен": Бағдат Сабаз әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуан Бағдат Сабаз күрес түрлерінен әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Ozgeris.info

Отандасымыз жарыстың ең қиын топтарының бірінде өнер көрсетіп, Олимпиада чемпионы Саид Эсмаили, Олимпиада жүлдегері Хасрат Джафаров және Азия чемпионы Раззак Бейшекеев секілді мықты қарсыластармен белдесті.

Әсіресе, қола медаль үшін өткен белдесуде Бағдат Сабаз мінез танытты. Есепте 1:5 есебімен жеңіліп жатқан қазақстандық балуан қарсыласына әдемі әдіс жасап, кездесуді 7:5 есебімен өз пайдасына аяқтады. Осылайша, Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып, халықаралық аренадағы әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Әлеуметтік желіде отандастары ерекше қолдау білдірді. Мықтылармен белдескен Бағдаттың мінезіне, жігеріне, жеңіске деген ұмтылысына ерекше баға берді.

Барлық жаңалық