Шоу-бизнес

«Мақтаныштан жүрегі жарлатындай»: Қанат Айтбаевтың әсерлі видеосы желіде тарады (ВИДЕО)

«Мақтаныштан жүрегі жарлатындай»: Қанат Айтбаевтың әсерлі видеосы желіде тарады (ВИДЕО)

Димаш Құдайбергеннің Лондонда өткен концерті тағы бір әсерлі сәтпен есте қалды, деп хабарлайды Оzgeris.info ақпарат порталы.

 

Шара барысында әншінің әкесі Қанат Айтбаев ұлының өнерін көрерменмен бірге тамашалап, сол сәтті телефонына түсіріп тұрғаны байқалды. Мыңдаған адамның Димашпен бірге шырқай ән айтуы, көрермен эмоциясының шынайылығы мен залдағы ерекше атмосфера әкенің жанарындағы мақтанышпен үйлесіп, көпшіліктің жүрегін елжіретті.

 

Желі қолданушылары бұл көрініске тәнті болып, жарыса пікір қалдырды. Олардың айтуынша, қанша жерден әлемдік деңгейдегі тұлғаға айналса да, әрбір ата-ана үшін баласының жетістігін көру баға жетпес бақыт.

 

«Әке деген осындай ғой», «Лондон қазақша ән айтты, мақтаныштан жүрек жарылардай болды», «Димаштай ұл тәрбиелегеніңізге рақмет», «Әке мақтанышы – ұлт мақтанышы», «Әлемді қазақша сөйлеткен Димаш» деген сынды пікірлер көптеп жазылды.

 

Бұл сәт әлеуметтік желіде кең таралып, Димаш пен оның отбасысына деген халықтың ыстық ықыласын тағы бір мәрте көрсетті.

 

Барлық жаңалық