Маңғыстау облысындағы Жетібай кенті маңында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ПД мәліметінше, оқиға бүгін, 17 шілде күні сағат 17:30 шамасында орын алған.
Toyota Camry көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, Shacman жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің 1981 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, - делінген ПД хабарламасында.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.