Танымал композитор Арман Дүйсеновтің жұбайы Айсұлу Айданқызы елге алғыс айтып, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол Орал қаласында өткен еске алу кешінде сөз сөйлеп, марқұм күйеуін еске алды.
«Маған бүгін сөйлеу өте ауыр. Арман деп соққан жүректеріңізден айналдым. Еске алу кешінің Орал қаласында өткеніне өте қуаныштымын. Бұл — отбасымыз үшін, күн сайын әкесін іздейтін ұл мен әкесін сағынатын қызымыз үшін керемет бастама. Еңсеміз көтеріліп қалды», — деді ол.