Жаңалықтар

Локомотивтің цифрлық егізі: Отандық хакатонда үздік IT-шешімдер анықталды

Локомотивтің цифрлық егізі: Отандық хакатонда үздік IT-шешімдер анықталды

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы NU (Назарбаев Университеті) және отандық Higgsfield AI-стартапымен бірлесіп, теміржол саласына арналған инновациялық шешімдер іздеу мақсатында хакатон өткізді деп хабарлайды ozgeris.info сайты zakon.kz ке сілтеп.

ҚТЖ қатысушыларға «Телеметрияны қиындықсыз басқару: локомотив телеметриясын визуализациялау» атты арнайы SWE-кейс ұсынды. Бір тәулік ішінде еліміздің түрлі жоғары оқу орындарынан жиналған 56 команда локомотивтің жай-күйін нақты уақыт режимінде бақылауға және ақауларды ерте анықтауға мүмкіндік беретін цифрлық прототиптер әзірледі.

Хакатон қорытындысы бойынша ҚТЖ болашақта өндіріске енгізуге болатын бірнеше перспективалы жобаны таңдап алды. Бұл формат қысқа мерзімде ондаған технологиялық гипотезаларды тексеруге және ең тиімді тәсілдерді анықтауға жол ашты.

Жеңімпаздар тізімі:

  • 1-орын: NU студенттерінен құралған «Хакнушники» командасы;

  • 2-орын: «NaN» командасы;

  • 3-орын: «ForCode» командасы.

Мұндай хакатондар тек ИИ-шешімдерді енгізуге ғана емес, сонымен қатар көлік саласы үшін мықты IT-мамандар резервін қалыптастыруға септігін тигізеді. Компания алдағы уақытта да жаңа технологияларды тарту үшін жоғары оқу орындарымен әріптестікті жалғастырмақ.

Барлық жаңалық