Қоғам

«Жылайтын күн болды»: Жасұлан Базарбай жүрегіне ауыр тиген жайтты айтты

«Жылайтын күн болды»: Жасұлан Базарбай жүрегіне ауыр тиген жайтты айтты

Танымал әнші әрі актер Жасұлан Базарбаев желідегі парақшасында жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Ozgeris.info

Ол өзінің "Балалар үйінен" бүлдіршіндер шақырғанын және сол кезде болған оқиғаны айтып берді. 

"Бүгін бір жылайтын күн болды. Ашылуға "Балалар үйінен" бүлдіршіндерді шақырдық. 75 бала келді. Соның ішінен әдемі, сүйкімді, мәдениеті жоғары қызға көзім түсіп кетті. Тәрбиеші ол қыздың тағдырын айтып берді. "Бұл қыздың анасы мен әкесі өте бай кісі. Байлар тұратын районда тұрады. Қыз туылғанда аяғы қисық болып туылған, егіздің сыңары, содан сол қисықтығы үшін сыңарын алып қалып, бұны өткізіп жіберген. Кейін қыздың аяғын операциямен түзеткен соң ата-анасына айттық, сонда да "керек жоқ" деп бас тартты" деді тәрбиеші. Содан кейін бір үйдің бес баласын өткізіп кеткен. Біреуі аутист. Қарындасы бар екен. Қыз баланың жүрегінен айналып кетейін, ағасының аузын сүртіп сонша қарап отыр. Айналайын, қазақтың ұлдары мен қыздары. Жүрегім-ай, солай жылайтын күн болды бүгін", деді ол. 

Барлық жаңалық