Астанада өткен жас ұстаздар форумында ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа білім беру саласында жемқорлыққа байланысты шағым түсті,деп хабарлайды ozgeris.info.
Шағымданушы ұстаз қазірАқмолаоблысындапедагог болып жұмыс істейтінінмәлімдеді,себебі«Жамбылоблысындажұмысқа орналасу үшін ақытөлеуі керек».
Қазір жұмысқа тұру үшін кем дегенде бір миллион теңге немесе тіпті 1,5-2 млн теңге сұрайды. Оңтүстік өңірлерде сыбайлас жемқорлық өршіп тұр, - деді жас ұстаз.
Педагог Жамбыл облысының қай ауданында осылай ақша сұрап жатқанын нақтыламады. Жеке хабарласып, мәселенің мән-жайын анықтаймыз, - деп жауап берді министр форум аяқталған соң қойылған журналистердің сұрағына.