Әнші Тамара Асар желідегі парақшасында көпшіліктен сүйінші сұрады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Ол әкесінің шаңырағанда көптен күткен сәби дүниеге келгенін айтты.
"Сүйінші, АРДАҚТЫ АҒАЙЫН!!! Амал-наурызда, әкемнің шаңырағы қасиетті ораза айында олжалы!
Құтты үйдің қуанышы қосынан келіп, жеті жылдан бері күткен сәби өмірге келді.
Мен кіндік шешесімін. Бұл сәбиді мойыныма бұршақ салғандай болып ерекше тілеп,ерекше күттім. Қолды Құдай құр қайтармады, шүкір. Сіздерге де жұғысты болсын!!!", - деді ол.
Тамара Асар жаңа туылған сәбиге өзі ерекше есім берген.
"ӘНҰЗА деп ат қойдым. Лайым да Ініммен келінімнің “өмірлері ӘН болсын! Әндері ұзағынан болсын”-деген тілекпен. Қалнияз Әнұза Сертайқызы деген сұлу сіңлім,әрі кіндік қыжым іңгәлап баршаңызға сәлем жолдауда!!! Осыдан төрт жыл бұрын шығарған "Әлди" әнімнің басқы жағын сексенге келген анам айтып отыр. Іңгәлап жатқан Ажартайдың алғашқы дауысы. Амал құтты болсын!!! Әр шаңырақта сәбилер іңгәлай берсін!!!", - деп жазды Тамара Асар.