Әлемнің түкпір-түкпіріндегі астрономдар қазір ерекше аспан денесін 3I/ATLAS деп аталатын нысанды мұқият бақылап отыр. Ол Жерге қарай баяу жақындап келе жатқан көрінеді деп хабарлайды Оzgeris.info.
Мамандардың айтуынша, бұл нысанның қозғалысы мен бағыты басқа кометалар мен астероидтардан өзгеше. Сол себепті ғалымдар оның табиғатын нақты анықтау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.Дегенмен, кейбіреулер бұл ғарыштық дененің табиғи емес шығу тегі болуы мүмкін деп болжайды. Әлеуметтік желілер мен форумдарда тіпті «бұл – ғарыштан келген өзгеғаламшарлықтар кемесі болуы мүмкін» деген пікірлер тарады.
Алайда астрономдар әзірге мұндай болжамдарды растамай отыр. Олар 3I/ATLAS нысанын ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нақты құрамы мен бағыты туралы қосымша деректерді жақын арада жарияламақ.