Қоғам

"Жарасына тұз септі": "Хабар" арнасы Жасұлан Базарбайды жылатқаны үшін сынға ұшырады (ФОТО)

"Жарасына тұз септі": "Хабар" арнасы Жасұлан Базарбайды жылатқаны үшін сынға ұшырады (ФОТО)

«Хабар» арнасының журналистері әлеуметтік желіде қызу талқыға қалды, 

деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Телеарна әнші Жасұлан Базарбайды «КешREC» бағдарламасына қонақ ретінде шақырып, оның сөйлемейтін әрі ерекше күтімді қажет ететін қызын жасанды интеллект арқылы «сөйлетіп», эфирден көрсеткен.

Бағдарлама кезінде нейрожелі көмегімен дайындалған видео көрермендерге ұсынылған. Алайда бұл көрініс көпшілік тарапынан сынға ұшырап, желі қолданушылары арнаның әрекетін этикаға қайшы деп бағалады.

Әлеуметтік желіде пікір білдіргендер журналистерді «қатыгездік жасады» және «адамның сезіміне манипуляция жасады» деп айыптады. Олардың пікірінше, мұндай тәсіл ерекше қажеттілігі бар баланың жеке кеңістігі мен отбасының эмоциялық жағдайына құрметсіздік танытады.

«Аутист баланың анасы ретінде мұны көру өте ауыр», «Әкенің жан жарасын қозғап, оны “арманын орындау” деп көрсету дұрыс емес», «Бұл — өте ауыр тақырып, мұны кез келген адам түсіне бермейді», «Мұндай дүниені эфирге шығару қате» деген пікірлер желіде жиі жазылды.

 

Барлық жаңалық