Астанада қызмет барысында басына кондиционер құлап, қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның Сымбат Мырзуан желідегі парақшасында жазба жариялады
Ол марқұм сіңілісінің күйеуінің екінші рет үйленгенін растады.
"Жаным Ұлдантайым,
Жаның жәннаттың төрінен болсын.
Бәрін Алла реттеуші, естуші біз сенеміз сен жұмақтың бау бақшасындасың бауырым.
Қайғымыз күннен күнге артып жүрегіміз тілім-тілім пышақтап тастағандай. Алла осындай сынақты ешкімнің басына салмасын.
Сары шөжем, сіңлім…
Сені қинады-ау, тыныштық бермеді-ау… Жаныңның қанша ауырғанын жүрегім сезеді.
Бірақ Алла Тағала кімнің кім екенін көрсетті. Аллаға шүкір! Менің үнсіз қалғаным — бәріне көнді, әке-шешемді таптатқым келгені емес. Мен үнсіздікті әлсіздіктен емес, сабырдан таңдадым.
Ең бастысы — әке-шешемнің көзін ашу, халықтың көзін ашу, шындықтың бетін көрсету еді. Менің бар тілегім — адалдық пен әділдікке жету.
Айтарым көп… Өте көп. Бірақ кейбір сөзді уақыттың өзі айтып береді. Кейбір шындықты түсіндірудің қажеті жоқ — оны Алланың өзі көрсетеді.
Аллаға шүкір, бүгін көп нәрсенің беті ашылды. Ең бастысы, ешкімнің алдында емес, Алланың алдында жүрегім тыныш", - деп жазды ол.