Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы рейтингтен шығып қалды

Жәнібек Әлімханұлы рейтингтен шығып қалды

Белгілі америкалық The Ring журналы қазақстандық кәсіпқой боксшыны өз рейтингінен алып тастады, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты. 

Бұған дейін Жәнібек дивизиондық тізімнің көшін бастап тұрған еді. Алайда допинг-тестің оң нәтижесіне байланысты ол үздіктер қатарынан толық шығарылды.

«Бұрын рейтингте бірінші орында тұрған Жәнібек Әлімханұлы осы айдың басында алынған VADA допинг-тестінің қолайсыз нәтижесінен кейін тізімнен алынып тасталды. Соның нәтижесінде қалған боксшылар бір сатыға көтерілді, ал Хесус Рамос-джуниор алғаш рет рейтингке еніп, 10-орынға жайғасты», — деп жазады The Ring.

Барлық жаңалық