Спорт

Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады

Танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінің алдында допинг дауына ілікті. Бұған қатысты спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты KAZ.NUR.KZ-ке сілтеп. 

Жәнібек Әлімханұлы бұл өзі үшін де күтпеген жаңалық болғанын мәлімдеді.

"Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Мен таза спортты насихаттап жүргенімді де білесіздер. Жаңалықты оқып таң қалып отырмын.

VADA бірінші рет анализ алып бәрі таза деп еді. Мен витаминдеріме де тамағыма да ешқандай өзгеріс енгізбедім.

Екінші рет тестте неге мұндай болғанын түсінбей отырмын, біз қайта анализ тапсыруға өтініш айттық. Жауабын күтіп отырмыз!" - деп жазды боксшы Instagram-дағы парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 7 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы кубалық Эрисланди Ларамен орта салмақтағы WBO, IBF және WBA белбеулері үшін біріккен титулдық жекпе-жек өткізеді деп жоспарланған еді.

 

Барлық жаңалық