Шоу-бизнес

«Ішім удай ашиды»: Ләйлә Сұлтанқызы тосын жазба жариялап, жұртты ойландырып қойды

«Ішім удай ашиды»: Ләйлә Сұлтанқызы тосын жазба жариялап, жұртты ойландырып қойды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында ата-ананың қадірі, өмірдің өткіншілігі туралы әсерлі жазба жариялап, оқырмандарына үндеу жасады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Журналист қазіргі таңда көпшілік баласын жеткізіп, өзін күтіп, өмірдің қызығын көруге ұмтылатынын айта келе, өткен буынның көрген бейнеті жайлы ой қозғады.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда «қиын» деп қабылданатын жағдайлардың өзі ата-аналардың басынан өткен ауыртпалықпен салыстыруға келмейді.

«Қазір "қиын" деп жүрген нәрселеріміздің өзі – олардың көрген қиындығының жартысының жартысы да емес шығар. Сондай бейнетті көріп өскен адамдардың қанағаты, қарапайымдылығы мен шүкіршілігіне таңғаласың», – деп жазды ол.

Ләйлә Сұлтанқызы анасының қартайып бара жатқанын көру жанына бататынын айтып, әкесінің бүгінгі Қазақстанның дамуын көре алмай өмірден өткеніне өкініш білдірді.

«Ішімнің ашитыны – анамның көз алдымда қартайып бара жатқаны. Әкемнің еліміздің бүгінгі жағдайын көре алмай кеткені... Жүрер ме еді... Жайнап, жадырап...», – деді тележүргізуші.

Жазба соңында ол оқырмандарына ата-анасын тірісінде қадірлеп, жақындарының денсаулығына көңіл бөліп, уақытылы медициналық тексерістен өтіп тұруын қадағалауға шақырды.

«Сондықтан ата-аналарыңызды тірісінде бағалаңыздар. Уақытты бірге өткізіңіздер. Жақындарыңыздың денсаулығына көңіл бөліп, уақытылы чек-аптан өтіп тұруын қадағалаңыздар. Өйткені өмір біз ойлағаннан әлдеқайда қысқа», – деп түйіндеді Ләйлә Сұлтанқызы.

Барлық жаңалық