Әлемге әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (GGG) рингке қайта оралуы мүмкін деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Оzgeris.info
43 жастағы спортшы соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жұдырықтасқан еді. Сол кезде Головкин бұл ақпаратты нақты растамаса да, жоққа да шығармаған болатын.
«Неге қайта шаршы алаңға шықпасқа? Эмоционалды тұрғыда өзімді бұрынғыдай сезінемін…» — деген еді Головкин сол сұхбатында.
Ал жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Жан Паскаль Геннадийдің рингке қайта оралу ықтималдығын жоққа шығармайтынын айтты.
«Мен оны өте құрметтеймін, ол аңыз адам.Бірақ төрт жыл бойы рингтен тыс болу жоғары деңгейдегі бокс үшін өте ұзақ үзіліс. Рефлекстер мен тайминг әлсірейді. Егер ол оралса, бұл тек үлкен гонорар үшін болмақ. Өйткені ол өз мықтылығын әлдеқашан дәлелдеді», — деді Паскаль.
Айта кетсек, Головкиннің соңғы кәсіби жекпе-жегі де Канеломен болған трилогияның шешуші бөлігі еді. Сол кездесуден кейін қазақстандық боксшы ұзақ үзіліске кеткен болатын.