Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісованың Маңғыстауда өткен жеке концертінде күтпеген жағдай болды, – деп жазды ozgeris.info.
Концертте көрерменнің бірі сахнаға шығып, әншіге сезімін білдірген.
"Сізді көру менің арманым еді. Сізге ғашық болып қалдым", – дейді ол.
Ер адам әншімен құрдас болып шықты. Ол сахнада Мақпал Жүнісованы биге шақырды. Алайда әнші бұл ұсынысты қабылдамады.