Президент

Елордадағы ерекше сәт: Мемлекет басшылары "Мәңгі достық" аллеясында емен көшетін отырғызды

Елордадағы ерекше сәт: Мемлекет басшылары "Мәңгі достық" аллеясында емен көшетін отырғызды

Ресей Федерациясы Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Астана қаласында ерекше салтанатты шара өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин "Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы" аллеясында емен көшетін екті деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Екі ел басшыларының қатысуымен отырғызылған бұл емен ағашы Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара құрметтің, терең достықтың және ынтымақтастықтың символы ретінде таңдалды. Емен - ұзақ өмір сүретін, мықты ағаш, сондықтан ол екі көршілес мемлекеттің берік байланысын білдіреді.

Айта кетерлігі, бұл сапар Астанада өтіп жатқан басқа да маңызды халықаралық жиындармен, соның ішінде ЕАЭО саммитімен тұспа-тұс келіп отыр. Көрші ел басшылары бұл басқосуларда стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылауда.

Барлық жаңалық