Жаңалықтар

Көкшетау тұрғыны ішінде иесі ұйықтап жатқан көлікті айдап кеткен

Көкшетау тұрғыны ішінде иесі ұйықтап жатқан көлікті айдап кеткен

Көкшетауда мас күйдегі ер адам салонда иесі ұйықтап жатқан автокөлікті айдап кеткен, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Полиция мәліметінше, оқиға түнгі уақытта болған. Дәмханадан шыққан 26 жастағы Петропавл тұрғыны мас күйінде тұрақта тұрған Changan CS75 Plus көлігіне отырып, оны жүргізіп кеткен. Сол сәтте көлік иесі алдыңғы жолаушылар орындығында ұйықтап жатқан.

Күдікті көлікпен шамамен 10 метр жүрген кезде оны патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқтатты.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамның әрекеті «Ұрлау (айдап әкету) мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену» бабы бойынша тергеліп жатыр.

Барлық жаңалық