Жаңалықтар

Динара Сәтжан полицияны кінәлады: Нұрай Серікбайдың өліміне кім жауапты?

Динара Сәтжан полицияны кінәлады: Нұрай Серікбайдың өліміне кім жауапты?

Шымкент қаласында 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты екінші сот отырысы өтеді. Қайғылы оқиғаға кінәлі деп танылған 29 жастағы Шерхан Аймахан өзіне тағылған айыпты әлі күнге дейін мойындамай отыр. Оның мүддесін сотта бірден төрт адвокат қорғамақ, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Нұрай небәрі 21 жаста еді. Ол Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясында төртінші курста білім алып жүрген. Болашақта киім дизайнері болуды армандаған жас қыздың алға қойған мақсаттары көп болатын. Өкінішке қарай, оның өмірі күтпеген жерден үзілді.

Белгілі журналист Динара Сәтжан бұл оқиғаға қатысты өз пікірін білдіріп, Шымкент полициясын Нұрайды қорғай алмағаны үшін қатаң сынға алды. Журналистің айтуынша, Нұрайды күдіктінің үйінде 12 сағаттан астам уақыт күштеп ұстаған күні жұмыс істеген полиция қызметкерлері де жауапкершілікке тартылуы тиіс. Олар қызды арыз жазудан айнытып, оқиғаның қайғылы аяқталуына жол берген.

Сонымен қатар, Динара Сәтжан қыз алып қашуға қатысқан барлық туыстардың да қылмыстық жауапкершілікке тартылуын талап етіп отыр.

Барлық жаңалық