Жаңалықтар

Допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағын сақтап қалды

Допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағын сақтап қалды

Бүкіләлемдік бокс ұйымы 2026 жылдың қаңтарына арналған жаңартылған рейтингін жариялады. Соған сәйкес, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы 72,5 келіге дейінгі орта салмақтағы чемпиондық атағын сақтап отыр, деп хабарлайды ozgeris.info.

Жаңартылған тізімнің алғашқы үштігіне Ұлыбритания өкілі Дензел Бентли, Венесуэла боксшысы Эндри Сааведра және Кубадан Йоэнлис Эрнандес енді. Қазіргі уақытта жүріп жатқан тексеру жұмыстарына қарамастан, Бүкіләлемдік бокс ұйымы Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық мәртебесін өзгерткен жоқ.

Бұған дейін спорт саласындағы белгілі тұлға Камил Гаджиев істің соңы боксшының барлық атақтарынан айырылуына әкелуі мүмкін екенін айтқан болатын. Алайда әзірге қазақстандық спортшы Халықаралық бокс федерациясы нұсқасы бойынша да чемпиондық белдігін сақтап келеді.

Еске салайық, 6 желтоқсанға жоспарланған үш чемпиондық белдік үшін өтетін жекпе-жек қарсаңында Жәнібек Әлімханұлына қатысты даулы жағдай туындады. Бүкіләлемдік бокс ұйымы оның сынамасында тыйым салынған заттың анықталғанын ресми түрде хабарлап, арнайы тексеру басталғанын мәлімдеді. 19 қаңтарда іс бойынша кезекті тыңдау өтті. Қазіргі таңда боксшы тексеру аяқталғанға дейін жекпе-жектерге қатысудан уақытша шеттетілген.

Барлық жаңалық