Экономист Алмас Чукиннің пікірінше, теңгенің долларға шаққандағы бағамы 540-560 деңгейінде тұрақтап, бұл енді елдегі жаңа экономикалық шындыққа айналуы мүмкін. Оның айтуынша, ұлттық валютаның әлсіреуінің басты себебі ақшаның тым көбейіп кетуі, яғни экономиканың нақты мүмкіндіктерінен артық ақша айналымға түсіп жатыр, деп жазады Ozgeris.info.
«Қарапайым тілмен айтқанда, ақша көп, ал өндіріс сол баяғы деңгейде. Нәтижесінде ішкі нарықта инфляция үдей түседі. Бағалар шарықтаған сайын, халық импорттық тауарларға көбірек үміт арта бастайды өйткені олар салыстырмалы түрде тиімді көрінеді. Ал бұл валютаға сұранысты арттырады. Бірақ нарықта шетел валютасы жетіспейді. Сөйтіп, доллар қымбаттай бастайды», дейді Чукин.
Ол биылғы тренд бойынша теңге бағамының біртіндеп 540-560 теңге деңгейінде қалыптасатынын айтып отыр. Тіпті, егер жағдай өзгермесе, 2026 жылдың соңына қарай доллар бағасы 600 теңгеге дейін жетуі әбден мүмкін.
«Жаз мезгілінен кейін теңге сәл-пәл күшеюі мүмкін, ақпан мен сәуір аралығында. Бірақ бұл уақытша ғана. Негізгі тренд теңгенің ішкі құнсыздануы. Ал оны биылғы инфляция тағы 11-12%-ға төмендетеді. Менің бақылауымша, әр 10% инфляция теңге бағамын шамамен 4%-ға әлсіретеді», дейді экономист.
Яғни, елдегі инфляция бақылаудан шықпаса, теңгенің әлсіреуі жалғаса береді.