Лондонның «Челси» клубы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиыны аясындағы екінші жолдастық кездесуінде «Тоттенхэмнен» 1:2 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев бұл кездесуді қосалқы құрамнан бастап, 70-минутта бразилиялық Эстевоның орнына ойынға қосылды. Бұл – жас футболшының «Челсидің» негізгі командасы сапындағы екінші кездесуі.
Матчтағы есепті алғашқы таймда Сандро Тонали ашты. Көп ұзамай Эстево таразы басын теңестіргенімен, кездесудің тағдыры қосымша уақытта шешілді. Ришарлисон жеңіс добын соғып, «Тоттенхэмге» 2:1 есебімен жеңіс әкелді.
Айта кетейік, бұған дейін Дастан Сәтпаев Аустралияның «Уестерн Сидней Уондерерс» клубына қарсы жолдастық кездесуде (6:4) өзінің алғашқы голын соғып, жанкүйерлер мен мамандардың жоғары бағасына ие болған еді.
Маусым алдындағы дайындық аясында «Челсиді» алда тағы үш кездесу күтіп тұр. Лондондық клуб 5 тамызда «Ювентуспен», 8 тамызда «Миланмен», ал 9 тамызда Малайзияның «Джохор» командасымен күш сынасады.