Жаңалықтар

«Бұл кадрларда қарындасым емес»: Нұрай Серікбайдың ағасы тараған видео туралы шыңдықты айтты (ВИДЕО)

«Бұл кадрларда қарындасым емес»: Нұрай Серікбайдың ағасы тараған видео туралы шыңдықты айтты (ВИДЕО)

Шымкентте қаза тапқан 21 жастағы Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға байланысты көпшілікке үн қатты. Аталған бейне бұрын полиция қызметінен босатылған азамат тарапынан жарияланған.

 

Сұлтан Серікбайдың айтуынша, желіде тарап жатқан кадрлардың барлығында оның қарындасы бейнеленбеген. Ал Нұрай көрінетін сәттерде оның моральдық жағдайының ауыр екені байқалады.

 

Белгілі болғандай, қылмысқа күдікті Шерхан Аймахан қайғылы оқиғадан бірнеше ай бұрын Нұрайды заңсыз алып қашып, оны өзіне мәжбүрлі түрде тұрмысқа шығармақ болған. Ол кезде қызды туыстары құтқарып, үйіне алып кеткен.

 

Қаңтар айының басында күдікті қызға қайта шабуыл жасап, салдарынан Нұрай оқиға орнында көз жұмған.

 

Барлық жаңалық