Спорт

Британдық басылым Дастан Сатпаевтың ойынына төмен баға берді

Британдық басылым Дастан Сатпаевтың ойынына төмен баға берді

Британдық Burnley Express басылымы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаевтың «Линкольн Ситиге» қарсы Чемпионшип матчындағы өнерін сынға алды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Бернли» сырт алаңда қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді. Кездесуді негізгі құрамда бастаған Сатпаев 59-минутта алаңнан ауыстырылды. Журналист Мэтт Скрафтон қазақстандық футболшының ойынына 10 балдың ішінен небәрі 4 балл қойды.

«Қысқа бұрыштамадан жасалған айлакер комбинацияға қатысқанын есептемегенде, оның басқа әрекеттері есімде қалмады. Бұл — Сатпаевтың „Бернли“ сапындағы әзірге ең нашар ойыны», — деп жазды журналист.

Сонымен қатар, Скрафтон бас бапкер Ники Хайеннің Сатпаевты 59-минутта қорғаушы Оливер Соннемен алмастыру туралы шешімін де сынға алды. Оның пікірінше, мұндай ауыстырудың тактикалық тұрғыдан мәні болмаған. Айта кетейік, Дастан Сатпаев «Бернли» сапында лондондық «Челсиден» жалға алу құқығымен өнер көрсетіп жүр. Ал «Линкольн Ситиден» ойсырай жеңілгеннен кейін «Бернлидің» бас бапкері Ники Хайен қызметінен босатылды.

Барлық жаңалық