Бас прокуратураның басқарма бастығы Әділет Тоқтамысовтың мәліметінше, кейбір аналар жаңа туған нәрестелерін ақшаға сатып жіберген, деп жазады Ozgeris.info.
Сәбилердің құны 500 мыңнан миллион теңгеге дейін белгіленіп, тіпті онлайн сауда алаңдарына да шығарылған.
Құқық қорғаушылар мұны қоғамдағы ең ауыр қылмыстардың бірі деп атап, кінәлілерді қатаң жазалауды талап етіп жатыр. Сарапшылар әлеуметтік жағдайдың ауырлығы мен бақылаудың әлсіздігі мұндай қадамға түрткі болуы мүмкін екенін айтады.